02 наурыз 2022 10:10

Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеті тоқтады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттары Дариға Назарбаеваның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы келісімге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаттары Дариға Назарбаеваның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы келісімге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Конституциясына және Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы заңға сәйкес өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді", - деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.

Депутаттар Назарбаеваның отставкаға кетуін қолдап, дауыс берді.

"99-ы қолдап, біреуі қарсы болды. Қаулы қабылданды", - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Бұған дейін Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети