Дәрігерлер Бас прокуратура ғимаратының алдында өз-өзін өртеген әйелдің жағдайы туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Бас прокуратура ғимаратының алдында өз-өзін өртеген әйелдің жағдайы туралы айтып берді © Tengrinews.kz

Астанадағы №1 қалалық аурухананың дәрігерлері Бас прокуратура ғимаратының алдында өз-өзін өртеген әйелдің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы №1 қалалық аурухананың дәрігерлері Бас прокуратура ғимаратының алдында өз-өзін өртеген әйелдің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауруханаға түскен кезде науқастың жағдайы ауыр болды. Әйел жансақтау бөліміне жатқызылды. Онда шокқа қарсы терапия жасалды. Қазіргі уақытта науқас күйікке қарсы арнайы кереуетке жатқызылды. Бүгінде науқастың жағдайы әлі де ауыр. Қатты күйік алған. Науқастың жағдайын жақсарту үшін қажетті емдеу шараларының барлығы жүргізіліп жатыр", - деді комбустиология бөлімінің меңгерушісі Павел Кутняков.

Сонымен қатар, дәрігер әйелдің денесінің 60 пайызға дейін күйгенін айтып өтті.

Еске салайық, кеше, 6 желтоқсанда сағат 12.16-да ведомство ғимаратының бақылау-өткізу пунктіне әйел адамның үш серігімен келіп, сыртқы киімін шешіп, бензин құйып өзін-өзі өртегені хабарланған болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол әйелдің Рысманова М.Е., 1968 жылғы азамат екені анықталған. Ол 1988 жылғы Ахметов Е.Н. есімді ұлына қатысты шыққан сот үкіміне келіспегендіктен, осы қадамға барды. Рысманова М.Е Бас прокуратураға 2016 жылы 28 қарашада осы іс бойынша үндеу жариялаған. Осы істі қайта қарап шығу үшін Бас прокуратура соттан қылмыстық іс материалдарын алдырған болатын", - деді ведомстводағылар. 

Ал кейінірек Бас прокурор Астанадағы Бас прокуратураның ғимараты алдында өз-өзін өртеген әйелдің мәселесімен жеке айналысуға уәде берген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети