19 ақпан 2020 18:03

Дастан Рыспеков Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Дастан Рыспеков ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет сайтына сілтеме жасап.


Дастан Рыспеков ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет сайтына сілтеме жасап.

"Дастан Адайұлы Рыспеков Президенттік жастар кадрлық резервінен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Рыспеков Дастан 1984 жылы Жезқазған қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. 

2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы,2019 жылдың сәуір айынан бастап "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети