21 қыркүйек 2017 | 12:46

Даудан кейін Астана әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Елордадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана LRT" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Елордадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана LRT" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Халықаралық әуежайдағы қысқа мерзімді P-1 тұрағының тарифтеріне талдау жүргізе отырып, компания басшылығы мен әуежайдағылардың тарифті өзгертіп, бағаны төмендету туралы шешім қабылдағандарын хабарлағымыз келеді", - делінген компанияның Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астана әуежайында автотұраққа бір тәулікке қойылған көлік үшін 57 мың теңгенің төленгені жайлы айтылған болатын. Паркоматқа қаражат төлеу сәті түсірілген видеоны Instagram желісіне белгілі әнші Қайрат Баекенов жариялады. Кадрларға қарағанда, мұндай қыруар қаражатты көлікті бір тәулік және он сағатқа қойылған көлік үшін төлеу қажет болған. 

Сондай-ақ, "Астана Арланс" клубының бұрынғы бас директоры, қазірде Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев Instagram желісінде Астана әкімі Әсет Исекешевке әуежайдағы автотұрақ құнының шектен тыс қымбат екенін айтып, шағымданған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети