20 желтоқсан 2016 12:45

Дәурен Абаев 16 желтоқсанда әлеуметтік желілердің ашылмай қалғанына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев 16 желтоқсанда әлеуметтік желілердің ашылмай қалғанына қатысты пікір білдірді. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев 16 желтоқсанда әлеуметтік желілердің ашылмай қалғанына қатысты пікір білдірді. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жоқ, бұл Әблязовтің сұхбатымен байланысты емес. Бұл телекоммуникация желілеріндегі техникалық ақау. Мұндай дүниелер болып тұрады. Менің түсінуім бойынша, бұл 16 желтоқсанда болғандықтан, белгілі бір дүрлігу туғызды", - деді Абаев.

Айта кетейік, 16 желтоқсанда кешкі уақыттан бастап қазақстандықтар Желілерге қосыла алмады. Көптеген қолданушы әлеуметтік желірге, нақтырақ айтсақ, Facebook, Vk.com, Telegram, You Tube, Twitter, Instagram, Google желілеріне кіре алмай отырғанын айтып, шағымданған еді.

Ал кейін ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің өкілдері әлеуметтік желілердің ашылмай тұрғанына қатысты пікір білдірген болатын. Ведомствоның ресми өкілі Арсен Бектасовтың айтуынша, Таяу уақытта барлық ақау жөнделіп, жұмыс қайта жанданады. "Кейбіреу желілерге кіре алады, ал біреулері кіре алмай отыр. Бұл техникалық ақау", - деген еді ол.

Ал түнде әлеуметтік желілер ішінара ашыла бастады. Қазақстандықтар Instagram, Facebook желілеріне кіре алды. Алайда тікелей Интернет желісі арқылы қосылуда кедергілер болды. Ұялы интернеттен аталған сайттарға кіруге мүмкіндік болды. Айта кетейік, Қазастанда Egov.kz электронды үкімет және "Қазақтелеком" АҚ сайттарына кіру мүмкін болмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети