1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Министрлік әлеуметтік желілердің ашылмай тұрғанына қатысты пікір білдірді

© BBC.com © BBC.com

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің өкілдері әлеуметтік желілердің ашылмай тұрғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның ресми өкілі Арсен Бектасовтың айтуынша, Таяу уақытта барлық ақау жөнделіп, жұмыс қайта жанданады. "Кейбіреу желілерге кіре алады, ал біреулері кіре алмай отыр. Бұл техникалық ақау", - деді ол.

Айта кетейік, 16 желтоқсанда кешкі уақыттан бастап қазақстандықтар Желілерге қосыла алмай отыр. Көптеген қолданушы әлеуметтік желірге, нақтырақ айтсақ, Facebook, Vk.com, Telegram, You Tube, Twitter, Instagram, Google желілеріне кіре алмай отырғанын айтып, шағымданған еді.