Дәурен Абаев Астананың атауын өзгерту туралы пікірін білдірді

23 Қараша 2016, 13:13
1
Дәурен Абаев Астананың атауын өзгерту туралы пікірін білдірді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев депутаттың Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астана атауында көрсету туралы ұсынысы жайында пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен депуттаттардың ұсынысы қаралып, Елбасы бұл мәселе бойынша әдеттегідей жан-жақты қамтылған, салмақты шешім шығарады деген ойдамын", - деді министр Мәжіліс отырысынан тыс кезде. 

Астана атауын өзгерту Елбасының жеке басына табынушылық болмай ма деген сұраққа Дәурен Абаев: "Жоқ, олай деп ойламаймын", - деп жауап берді.

Сонымен қатар, министр бұл бастаманы бүгін ғана естіп отырғанын, сондықтан Астананың жаңа атауына "ешқандай ұсынысы жоғын" айтты. 

Еске салайық, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов елбасының есімін елорда атауында және еліміздегі маңызды нысандарында көрсетуді ұсынған болатын. 

Сондай-ақ, Парламент Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясын қабылдады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай