24 қаңтар 2015 00:30

Давоста Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі мәселесі талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©zn.ua ©zn.ua

Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Давоста Сауда мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Сесилия Мальстроммен Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Давоста Сауда мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Сесилия Мальстроммен Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Премьер-министр Сауда мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Сесилия Мальстроммен кездесу өткізді. Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақтың сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастығын дамытуды талқылады.

Сондай-ақ, Мәсімов пен Мальстром Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруінің өзекті мәселелерін қарады.

"Кәрім Мәсімов Қазақстанның елдің ұзақмерзімді ұлттық экономикалық мүдделеріне сай жағдайларда ДСҰ-ға кіру үдерісін аяқтау бойынша жұмыс жасап жатқанын атап өтті. Бұдан өзге, тараптар ДСҰ-ға кіру Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жағдай жасайды деген ортақ пікірге келді", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Швейцар Конфедерациясының Давос қаласында 21 қаңтардан бері дәстүрлі Дүниежүзілік экономикалық форум өтіп жатыр. ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов форум аясында әлемнің жетекші компаниялары, ірі халықаралық ұйымдар және белгілі қаржы институттары басшыларымен, сондай-ақ шетелдік әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді. 

Еске сала кетейік, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2016 жылдың қаңтар айынан бастап мүше болуға мүдделі. Ұйымға қосылу жөніндегі барлық рәсімдер аяқталып қалды. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети