08 қараша 2023 12:21

"Дайындықсыз келеді". Мәжілісте үкіметке ескерту жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еділ Жаңбыршин/видео кадры Еділ Жаңбыршин/видео кадры

Мәжіліске басшы министрлер мен олардың орынбасарлары дайындықсыз келеді. Бұл туралы депутат Еділ Жаңбыршин айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Мәжіліске басшы министрлер мен олардың орынбасарлары дайындықсыз келеді. Бұл туралы депутат Еділ Жаңбыршин айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат басшылар сұраққа нақты жауап бере алмайтынын айтып қынжылды.

"Біздің министрлер мен олардың орынбасарлары дайындықсыз келеді. Біреуі жауапты оқып отыр, екіншісі жалпылама әңгіме айтады. Бұл бірнеше рет қайталанып отыр. Депутаттар нақты сұрақ қояды. Нақты жауап жоқ. Қайта-қайта біз нақтылап отырамыз. Олай болмауы керек қой", - деді Еділ Жаңбыршин.

"Сіз ескерту жасағансыз, сұрағыңызды қойсаңыз", - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттың сөзін бөліп.

"Бұл бірінші рет емес, Еран Жақанұлы, сондықтан мен депутаттардың нақты сұрағына нақты жауап беруін қалаймын, артынан біз нақтылау сұрағын қоймас үшін", - деп Еділ Жаңбыршин отырыстың күн тәртібі бойынша сұрағын жалғастырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети