Конференцияның пленарлық отырысында ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус сөз сөйледі. , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Конференцияның пленарлық отырысында ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус сөз сөйледі. , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада өткен халықаралық конференция барысында ДДСҰ басшысы қазақтармен туыстық байланыс туралы айтты.
"Мен үшін Қазақстан аса маңызды. Кешегі іс-шарада біреу болған шығар. Менің келінім қазақ, сондай-ақ екі немерем ішінара қазақ. Сондықтан Қазақстан - менің бір бөлігім, ал мен Қазақстанның бір бөлігімін", - деді Тедрос Адханом Гебрейесус Астанада өткен конференцияда сөйлеген сөзінде.
Еске салайық, Елордада Астана декларациясының қабылдануының 5 жыл және Алматы алғашқы медициналық-санитарлық көмек декларациясының қабылдануының 45 жыл толуына арналған "Алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласындағы саясат пен практика: жоғары нәтижелерге ұмтылу" атты халықаралық конференция басталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!