14 қыркүйек 2020 14:06

"Демалуға кедергі келтірді": көкшетаулық балконнан құстарды атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі Фото: Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі

Ақмола полицейлері балконнан құстарды атқан ер адамды жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола полицейлері балконнан құстарды атқан ер адамды жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 қыркүйекте Көкшетау ПБ полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның үйінде балконнан қарумен бірнеше рет оқ атқаны түскен видеоны көрген. 

Ақпаратты тексеру барысында анасымен бірге тұратын 40 жастағы Көкшетау тұрғыны анықталып, ұсталды. Мылтық ер адамның 15 жыл бұрын қайтыс болған әкесінен қалған екен.

"13 қыркүйекте сағат 12-де үйде отырған ер адам балконға шығып, үйдің артында балконның астында орналасқан қоқыс жәшігінің үстінде ұшып жүрген шағалаларды атқан, себебі олардың дауысы демалуға кедергі келтірген", - деді полиция өкілдері.

Полицейлер ер адамның іс-әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 1-бөлігінде көзделген "Елді мекендерде атыс, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін анықтады. Тәртіп бұзушы жауапқа тартылып, қаруы тәркіленді, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полицейлер КСРО өндірген 4,5 миллиметр калибрлі "ИЖ-38" маркалы пневматикалық мылтығын және 48 дана қорғасын оқты тәркіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети