Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде 30-35 градус аяз күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде 30-35 градус аяз күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 19-21 желтоқсан күндері Орал және Батыс Сібірге Кар теңізінен арктикалық суық ауа келеді, жексенбі және дүйсенбі күндері оның ықпалын Қазақстан тұрғындары да сезінеді.
"Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күн анағұрлым суытып, түнгі температура 30-35 градусқа дейін төмендейді, республиканың оңтүстігінде де түнгі температура 12-17 дейін төмендейді, кей жерлерде 20-25 градус аяз болады, ол нормадан 1-5 градусқа төмен", - деп хабарлады кәсіпорын.