14 ақпан 2021 14:38

Денис Тен қаза тапқан жерге жақын маңда танымал блогердің көлігіне шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық блогер Арман Юсупов танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қаза тапқан жерге жақын маңда көлігінен сөмкесі ұрланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық блогер Арман Юсупов танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қаза тапқан жерге жақын маңда көлігінен сөмкесі ұрланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогер Instagram-да Stories-те өзінің көлігін көрсетіп, терезесі шағылғанын және жеке заттары бар сөмкесі ұрланғанын айтты. 

"Біз серуендеп жүргенбіз, көлікті осында қалдырдық. Міне, әйнегі сынған, ішінде сөмкем болған. Жарайды бұл проблема емес, жай заттар ғой. Бірақ неге Алматының қақ ортасында осындай жағдай болады? Өте өкінішті", - деді Юсупов.
 

Блогер екі жылдан аса уақыт бұрын болған қайғылы оқиғаға қарамастан бұл аудандағы камера мәселесі әлі шешілмегеніне налыды. Ол осы аудандағы бейнебақылау камераларына қатысты әкімдікке үндеу жасап, жағдайды бақылауға уәде берді.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіндегілер аталған факт ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлады.

"Аталған қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Күдіктіні анықтауға, оны ұстап, қылмыстық жауапқа тартуға бағытталған жедел тергеу іс-шаралар кешені жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети