Денис Тенді өлтірді деген күдікті айна ұрлауды Интернеттен үйренген

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Денис Тенді өлтірді деген күдікті сотта көлік айналарын ұрлауды қалай үйренгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Басты сот отырысы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Денис Тенді өлтірді деген күдікті сотта көлік айналарын ұрлауды қалай үйренгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Басты сот отырысы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр.

Арман Құдайбергенов үш эпизод бойынша өтіп жатыр: Алматыда 22 маусымда көлік айнасын ұрлау дерегі, 11 шілдеде Астанада да көлік айнасын ұрлау дерегі және 19 шілдеде Алматыда көлік айнасын ұрлау дерегі бойынша.

"22 маусымда  шамамен сағат 04.30-05.30-да Т-25 бұрағышымен және пышақтың көмегімен Шевченко - Шагабутдинов көшелерінің қиылысында Lexus көлігінің айнасын шешіп алдым. Пышақ сымдарды кесу үшін керек. Мен өзім болдым. Ақша керек болды, пәтерге ақша төлеу қажет еді. Сол кезде Алматыда тұратынмын. Ұрланған айналарды "Жібек жолы" базарында 35 мың теңгеге сатып жібердім", - деді Құдайбергенов.

Сотталушы айналарды VIN-коды көрсетілген корпустан бөліп алғанын айтты.

"Онда VIN-кодтар болды, сондықтан оны Шаңырақ ықшамауданында лақтырып жібердім. Онда Нұралымен (Қиясов - автор.), оның бауырымен және тағы бір қызбен пәтер жалдап тұрған едік. (...). Кінәмді мойындаймын және өкінемін", - деді сотталушы.

Денис Тен өлімі: Күдіктілер айыппен келіспеді

Құдайбергеновтің айтуынша, ол 2018 мамырынан бастап айна ұрлаумен айналысады. Интернеттен үйренген екен.

"Интернетте көлік айналарын қалай ұрлау керектігі жайлы барлығы жазылған. Алматыда жүрген кезімде Астанаға барып, анама біраз ақша беріп, 3-4 күн демалып қайту үшін ақша жинап жүрген болатынмын, бірақ мені ұстаған кезде таяуда сот болатыны жайлы айтты", - дейді сотталушы.

Осы іс бойынша сот алдына Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева келді.

Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы ("Ұрлық") бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары ("Қарақшылық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр. 

Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары ("Ұрлық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.

Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы ("Ұрлық") бойынша және 434-бап бойынша ("Қылмыс туралы хабарламау") айыпталып жатыр.

Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.

Еске салайық, биыл 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Адвокат: Денис Тен тапсырыспен өлтірілді

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Сондай-ақ, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеудің аяқталғанын мәлімдеген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro