24 шілде 2018 13:15

Денис Тенді өлтірді деген күдіктілер үшінші рет жауапкершілікке тартылып отыр - Министрлік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Денис Теннің өліміне қатысты күдіктілердің бірнеше рет көліктердің айнасын ұрлағаны үшін жауапқа тартылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Денис Теннің өліміне қатысты күдіктілердің бірнеше рет көліктердің айнасын ұрлағаны үшін жауапқа тартылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көліктің айнасын ұрлайтын мәселе бізде бар. Қиясов пен Құдайбергенов осыған дейін де автоұры ретінде жауапкершілікке тартылған. Біз оларды сотқа жібергенбіз. Құдайбергенов Қызылорда облысынан бастап жауапқа үш рет тартылған. Ал Қиясовтың бұл үшінші қылмысы", - деді Рашид Жақыпов Ішкі істер министрлігінің брифингі барысында. 

Мұның алдында Денис Тенді нақты кім пышақтағаны айтылған болатын. Алматы полицейлері Денис Теннің өліміне қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берген еді.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Кейінірек қоғам белсенділері ІІМ мен ІІД басшылығын ауыстыруды талап ететіндерін мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети