20 шілде 2018 19:49

Денис Тенді өлтірген екінші күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті - Арман Құдайбергенов ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті - Арман Құдайбергенов ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін ол сот үкімімен сырттай екі айға қамалған еді. 

Құдайбергенов Арман Бурибаевич (құжатында осылай көрсетілген) - Қызылорда облысының тумасы, 1994 жылы дүниеге келген.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері екінші күдіктіні іздестіру жұмыстарына толықтай жеке құрам мен аумақтық Ішкі істер департаментінің күштерін жұмылдырды.

Мұның алдында Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің бірінің ұсталып, өз қылмысын мойындағаны айтылған еді. Алматы прокурорының мәліметінше, ұсталған бірінші күдіктінің аты-жөні - Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, кеше, дәрігерлер Денис Тенді неге аман алып қала алмағанын түсіндірген болатын. Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ержан Құттығожиннің айтуынша, Денис Тен ауруханаға сағат 15.23-те түсті.

"Барлық туысы мен жақынына көңіл айтамын. Кенеттен келген өлім болды. Клиникаға аса ауыр жағдайда түсті. Екі сағаттан аса уақыт бойы жүрегі мен өкпесіне жансақтау шаралары жүргізілді. Бірақ, амал не, қайтыс болды. Өмірлік маңызы бар органдарындағы жарақаттар таңып қайтыс болды", - деп түсіндірген еді дәрігер.

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети