Денис Теннің өлімі: Үшінші күдікті қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Теннің өлімі: Үшінші күдікті қамауға алынды © REUTERS

Денис Тенді өлтірді деген үшінші күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тенді өлтірді деген үшінші күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов брифинг барысында айтты. Оның айтуынша, ұсталған ер адам қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталып жатыр. 

"Дәлел жеткілікті, оның заңдылығын прокурор тексеріп жатыр. Сот бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім қабылдады", - деді Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында. 

Сондай-ақ, ол екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады: "Адамдар тобымен пайдакүнемдік ниетпен адам өлтіру" және "Адамдар тобымен пайдакүнемдік ниетпен жасалған қарақшылық".

Мұның алдында Денис Теннің өлімі бойынша істе екі күдіктінің ұсталғаны хабарланған болатын. Оның бірі - Қызылорда облысының тумасы, 1994 жылғы  Құдайбергенов Арман Бурибаевич, екіншісі - Жамбыл облысының тумасы, 1994 жылғы Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети