Денис Теннің анасы соттың шешіміне шағымданбақшы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Оксана Тен ұлы Денис Теннің өлімі бойынша шыққан сот үкіміне шағымданбақшы. Бұл мәліметті Тengrinews.kz тілшісіне адвокат Нұрлан Үстеміров растады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Оксана Тен ұлы Денис Теннің өлімі бойынша шыққан сот үкіміне шағымданбақшы. Бұл мәліметті Тengrinews.kz тілшісіне адвокат Нұрлан Үстеміров растады.

Еске салайық, осы іс бойынша Арман Құдайбергенов пен Нұрлан Қиясов 18 жылға, ал үшінші фигурант Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот қылмыстық іс материалдарын зерттеп, үш сотталушының кінәсі бар деген шешімге келген еді.

Нұрлан Үстеміровтің айтуынша, апелляциялық шағымда екі жағдай қарастырылады.

"Бүгін Оксана Алексеевнамен кездесіп, апелляцияны талқылауымыз керек. Ол апелляциялық шағым беруге келісті. Енді бізге қазір соттың шешімін алу керек. Осыған дейін біз екі өтініш қалдырған болатынбыз. Біріншісі - Толыбаева осы істе қылмыстық топтың барлық әрекетіне басшылық етті, сондықтан оны да 99-бап бойынша ("Адам өлтiру") айыпты деп тану керек. Екіншісі - осы істегі басқа да бұзақыларды, осы қылмысқа көмек көрсетіп, барлығын ұйымдастырғандарға қатысты деректерді бөлек өндіріске алу қажет", - деді адвокат.

Еске салайық, былтыр 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Адвокат: Денис Тен тапсырыспен өлтірілді

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro