Денис Теннің көлігінен айна ұрланған сәтті көрді деген екі полицей жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы зардап шеккен тараптың адвокаты Нұрлан Үстеміров айтты.
Денис Теннің көлігінен айна ұрланған сәтті көрді деген екі полицей жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы зардап шеккен тараптың адвокаты Нұрлан Үстеміров айтты.
"Полицейлер көлікте отырған көрінеді. Олардың отырған жеріне қарайтын болсақ, онда барлығы көрініп тұрды. Меніңше, полицейлер айна ұрланған сәтті көрді. Олар сотқа шақырылады, куәгерлер ретінде", - деді адвокат Үстеміров.
Адвокат ешқандай шаралар қабылданбағандықтан, қылмыстық іс қозғалып, оның Ұлттық бюрода тергеліп жатқанын айтып өтті.
"Күдіктілер берген жауаптарында шатасып жатыр. Арман Құдайбергенов бастапқыда өзі ұрғанын айтты. Кейін оның Денис Тен екенін білген соң Қиясов ұрғанын айтты. Санына 90 градустан пышақ салынған. Қиясов артында қалайша пышақ сала алады? Алдында тұрған адам ғана соққы жасай алады. Қиясов не үшін өзі ұрғанын мойындап отыр? Оның өзінен сұрау керек", - деді Үстеміров.
Ал күдікті Жанар Толыбаеваның адвокаты Амангелді Сәриев сотталушысының жүктіліктің жетінші айында екенін айтты.
"Толыбаева Арман Құдайбергеновпен өзінің таныс қызы арқылы танысқан. Жанардың жағдайына байланысты біз үй қамауына алу туралы өтініш білдірдік, алайда сот бас тартты", - деді адвокат.
Денис Теннің өлімі бойынша сот отырысы басталды
Осы іс бойынша сот алдына Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева келді.
Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы ("Ұрлық") бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары ("Қарақшылық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.
Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары ("Ұрлық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.
Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы ("Ұрлық") бойынша және 434-бап бойынша ("Қылмыс туралы хабарламау") айыпталып жатыр.
Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.
Еске салайық, биыл 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.
Алматыда Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды
Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.
Сондай-ақ, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеудің аяқталғанын мәлімдеген еді.