Денис Теннің өлімі бойынша істегі күдіктінің анасы: "Қызым ол жігіттер жайлы айтпайтын"

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© avtograf22.ru © avtograf22.ru

Денис Теннің өлімі бойынша істегі күдікті 22 жастағы Жанар Толыбаеваның анасы қызымен болған жағдайға қатысты пікір білдіріп, өз болжамын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Денис Теннің өлімі бойынша істегі күдікті 22 жастағы Жанар Толыбаеваның анасы қызымен болған жағдайға қатысты пікір білдіріп, өз болжамын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гүлстан Ілиясованың айтуынша, қызы бұл қылмыс жайлы күдіктілердің бірі айтып, ол жайлы ешкімге айтпауын сұраған. Содан қызы жасалған қылмыс жайлы ешкімге айтпаған, сол себепті де ол қылмысты хабарламағаны үшін айыпталып отыр.

"Жанар өте белсенді қыз болатын, барлық іс-шараға қатысатын. Волейбол ойнайтын, жарыстарға қатысып, жеңіске жететін. Ауылда ол ешкіммен сөзге келіп қалмайтын. Қазір ол сол жігіттермен сол келісімге келді деп айыпталып жатыр. Менің қызымның кінәсі жоқ", - дейді Гүлстан.

Қыздың 14 шілдеде Жамбыл облысынан Алматыға келгені айтылады. Жанар бастауыш сынып оқушыларының мұғалімі мамандығына оқыған екен. Ал биыл жазда ол кафеде даяшы болып жұмыс істемекші болған.

"Отбасымызда 11 адам, менің алты балам бар. Әкесі зауытта жұмыс істейді, қазір денсаулығына байланысты екі ай уақыт жұмыс істемей жүр. Қызым ол күдіктілермен пәтерде бірге тұрған құрбысы арқылы танысқан.

Ол жігіттер Астанадан Алматыға 17 шілдеде келген. Олар ол уақытқа дейін таныс болмаған. Қиясов менің қызымның жігіті болды. Бірақ қызым олар жайлы айтпайтын", - деп еске алды әйел.

Айта кетейік, 22 жастағы Жанар Толыбаева Денис Теннің өлімі бойынша істе үшінші күдікті ретінде өтіп жатыр. 27 шілдеде ол 2 айға қамауға алынған болатын. ІІМ басшысы Жанар Толыбаеваның Жамбыл облысынан келгенін және Алматыда даяшы болып жұмыс істегенін айтқан еді.

Денис Теннің өлімі бойынша ұсталған адам жайлы не білеміз?

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer