29 сәуір 2020 09:15

Денсаулық сақтау басқармасындағылар үстемақы алмаған алматылық дәрігерлерге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері үстеме ақы алмаған балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері үстеме ақы алмаған балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бесінші бөлімінің дәрігерлерге әлі күнге дейін наурыз бен сәуір айларының үстеме ақысын алмағанын айтқан еді.

"Бұл өтінішті таяуда дәрігерлермен бірге қарастырамыз", - деді ведомстводағылар.

Басқармадағылардың айтуынша, 28 сәуірдегі жағдай бойынша қаладағы 14 медициналық ұйымның қызметкеріне наурыз айына үстеме ақы берілді. Ал сәуір айының үстеме ақысы 5-10 мамырға дейін төленеді дейді.

Ведомство өкілдерді коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге барлығы 1,2 миллиард теңге бөлінгенін айтып өтті.

"1-деңгейдегі қауіп төндіретін 560 дәрігерге 375,2 миллион теңге, 2-деңгейдегі 2 281 медициналық қызметкерге 717,3 миллион теңге, 3-деңгейдегі қауіп төндіретін 914 медицина қызметкеріне 172,5 миллион теңге бөлінді", - деді Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети