Денсаумин қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа схемасы туралы ескертті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алаяқтардың жаңа айла-шарғысы белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алаяқтардың жаңа айла-шарғысы белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық Threads әлеуметтік желісінде хабарлама жариялады.

"Алаяқтар қоңырау шалып, скринингтен өтуге шақырады екен, кейін телефонға келген СМС-кодты айтуды сұрайды. Бұл кодты ешқашан айтуға болмайды. Аналар мен қыздарға ескертіңіздер", – делінген қыздың жазбасында.

Скриншот: Threads

Пікір алу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне жүгіндік.

"Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға скринингтік тексерулерге шақыру түріндегі алаяқтық туралы ескертеді. Қаскөйлер медициналық ұйымдардың атынан хабарласып, скринингке жазылуды растау үшін СМС-кодты айтуын сұрайды. Айта кетейік: мемлекеттік медициналық мекемелер тексеруге жазылуды СМС-код арқылы растауды талап етпейді. Мұндай кодтар, әдетте, цифрлық сервистерге кіру немесе қандай да бір операцияларды растау үшін пайдаланылады және оларды бөгде адамдарға айтуға мүлде болмайды. Алаяқтар бұл мәліметтерді сіздің жеке аккаунттарыңызға немесе цифрлық құжаттарыңызға, соның ішінде eGov, Kaspi, банкинг және басқа да қосымшаларға кіру үшін қолдануы мүмкін", – деп хабарлады ведомство.

Министрлік қазақстандықтарды сақ болуға шақырады:

  • СМС арқылы келген кодтарды ешкімге айтпаңыз, тіпті қоңырау шалушы өзін медицина қызметкері ретінде таныстырса да;
  • Ақпаратты тек ресми дереккөздерден нақтылаңыз: емхана, eGov порталында немесе медициналық ақпараттық жүйелер арқылы;
  • Алаяқтыққа күмәндансаңыз, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.06  course down  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer