11 желтоқсан 2014 13:36

Депутат БАҚ өкілдерін баспанамен қамтуды тағы сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

БАҚ өкілдерін баспанамен қамтуды Сенат депутаты Нұрлан Оразалин тағы бір мәрте сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


БАҚ өкілдерін баспанамен қамтуды Сенат депутаты Нұрлан Оразалин тағы бір мәрте сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен отырыста мен екі түрлі мәселеге қатысты үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдадым. Біріншісі "Қолжетімді баспана" бағдарламасына тек бюджеттік мекемеде қызмет ететіндер ғана қатысатыны туралы. Бізде баспанаға зәру, бірақ бюджеттік мекемеде қызмет етпейтіндер жетерлік. Мысалы, өнер саласында жүргендер мен журналистер. Бұл жердегі мәселе бюджеттік мекемелерде қызмет етпейтін адамдарға көмектесу, олар да ел үшін қызмет етіп жүр. Тым болмаса оларды "Қолжетімді баспана" бағдарламасына қатыстырудың жолдарын, механизмін қарастыру қажет", - деді ол.

Сенатордың айтуынша, бұл сұрақты заңға сәйкес шешу қажет. "Біздің журналистер мен жазушылардың да жағдайы көмекке мұқтаж. Біз бұл мәселені заң аясында шешуіміз керек. Біздің жастар жұмыс істеп жатыр, бірақ баспанамен қамтылмаған. Журналистердің жақсы жұмыс істеуіне жағдай жасап, көмектесуіміз керек. Журналистерге арнап қызметтік баспана салу мәселесі бұған дейін де айтылған. Мен осы сұрақты қайта көтеруді жөн санадым" , - деді ол.

Айта кетейік, депутаттар бұған дейін бірнеше рет БАҚ қызметкерлері мен жазушыларды баспанамен қамту мәселесін көтерген болатын. Оразалин бұл санаттағы қазақстандықтардың әлеуметтік қорғалмауы олардың кәсіптік және шығармашылық қызметіне әсер ететінін атап өткен болатын.

Еске сала кетейік, жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша жалға берілетін пәтерлердің 50 пайызы жас отбасыларға, 20 пайызы жалпы санатқа, 30 пайызы жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға беріледі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети