31 наурыз 2021 13:12

Депутат денсаулық сақтау министрін сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ирина Унжакова, Алексей Цой. Фото: paarlam.kz, gov.kz Ирина Унжакова, Алексей Цой. Фото: paarlam.kz, gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы күресте өз тәжірибесінен де, әлемдік тәжірибеден де сабақ алған жоқ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ирина Унжакова мәлімдеді. Оның айтуынша, бұрынғы министр Елжан Біртанов "пандемиямен күрестің басын сәтсіз аяқтаса", бүгінгі министр Алексей Цой да халықты вакцинациялау жұмыстарын "сәтсіз" жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы күресте өз тәжірибесінен де, әлемдік тәжірибеден де сабақ алған жоқ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ирина Унжакова мәлімдеді. Оның айтуынша, бұрынғы министр Елжан Біртанов "пандемиямен күрестің басын сәтсіз аяқтаса", бүгінгі министр Алексей Цой да халықты вакцинациялау жұмыстарын "сәтсіз" жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

"Мәселе Мәжілісте бірінші рет көтеріліп отырған тұрғындарды жаппай вакцинациялау жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты. Биыл ақпанның басында Nur Otan партиясы фракция депутаттарынан денсаулық сақтау министріне халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың ең өткір проблемалары туралы депутаттық сауал жолдады.

Ол сұрауға министр берген жауапты зерттедік.

Бір жағынан, бұл бағытта ауқымды жұмыс, соның ішінде түсіндіру науқаны жүргізіліп жатқаны көрінеді. Бірақ бұл жұмыстың нәтижелерін көріп отырған жоқпыз немесе олар мардымсыз. Сондықтан елдегі жағдайдың жақсаруына ықпал етпейді және халықтың наразылығын тудырады. Көрсеткіштер төмендемей жатыр, "қызыл" аймаққа өткен өңірлер саны артып барады", - деді депутат Ирина Унжакова.

Депутат Үкіметте жаппай вакцинацияны пандемиямен күресте басты міндет деп санайтынын, бірақ оны ұйымдастыру үшін әлі де жүйелі шаралар жоқ екеніне алаңдайтынын айтты.

"Кеше денсаулық сақтау министрі Цой халықты вакцинацияға шақырды. Бірақ сұрақ туындайды: қайда бару керек? Өйткені өңірлердегі емханада вакциналар жоқ. Бұл жағдай өткен жылды еске түсіреді. Адамдар ПТР-сынаманы қайда және қашан тапсыруға болатынын білмеді. Бүгінде адамдар вакцинацияны қайда және қашан алуға болатынын білмейтін жағдайға тап болып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі осы жылы алдын ала іс-қимыл алгоритмін жасай алмады ма?! Сол себепті халықты вакцинациялау қарқыны бізді қатты алаңдатады", - деді Унжакова.

Оның айтуынша, іс жүзінде бұл Үкіметтің Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындай алмағанын көрсетеді.

Депутаттың айтуынша, пандемияның басында барлық кемшілік тәжірибе мен қаражат жетіспеушілігіне байланысты болса, бүгінде бізде COVID-19-бен тиімді күресуге көмектесетін барлық нәрсе бар, оның ішінде Парламент осы жұмыс үшін бүкіл заңнамалық базаны құрды.

"Бірақ қазіргі уақытта елімізде қалыптасқан жағдайға қарасақ, Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы күресте өз тәжірибесінен де, әлем тәжірибесінен де сабақ алмағаны көрінеді. Ал әлемдік тәжірибе айқын. Израиль, Ұлыбритания, Словакия, Словения, Сербия, Сингапур және басқа да бірқатар елде халықтың жартысынан 90 пайызына дейін егілді.

Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, 101 мыңнан аса адам вакцинацияланды. Бұл 0,7 пайыз, яғни халықтың бір пайызынан азы. Вакцинация екі ай бұрын басталды. Мұндай қарқынмен вакцинацияға шамамен 15 жыл кетеді. Оның өзі халықтың тек 70 пайызын қамтиды", - деді депутат.

Сонымен қатар, ол қазақстандық вакцинаға байланысты мәселелердің толық кешені әлі де шешілмегенін айтты. Вакцина шығаратын зауыттардың жұмысы туралы нақты мәлімет жоқ.

Депутат ресейлік "Спутник V" вакцинасын өндіруге және жеткізуге 18 миллиард теңге бөлінгенін, оның 15,2 миллиард теңгесі Қарағанды фармацевтика кешеніне вакцина өндірісіне бөлінгенін айтты. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, барлығы 243 мың доза вакцина өндірілген, оның 93 мыңы қолданылған, ал қазіргі уақытта 150 мыңы өңірлерге тасымалданады.

Жамбыл облысындағы зауыт құрылысына қатысты жағдай одан да көп мәселелерді және жеке талқылауды қажет етеді, деді Унжакова. Ол оның құрылысына республикалық бюджеттен бес миллиард теңгеден аса қаражат бөлінгенін айтты. Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, зауыт өткен жылдың қыркүйегінде салына бастаған.

"Жобаны жұмыс тәжірибесі жоқ мамандар жасады. Нәтижесінде сметаларда жабдықтың бір бөлігін ескеруді "ұмытып кетті". Қазіргі уақытта зауыт корпусы салынды, бірақ жабдық әлі жеткізілген жоқ. Нәтижесінде жартылай салынған нысан жергілікті атқарушы органдар жауапкершілігінде қалды.

Жалпы, бұрынғы министр Біртанов пандемиямен күрестің басталуын сәтсіз аяқтаса, бүгінде министр Цой халықты вакцинациялау жұмыстарын "сәтсіз" жалғастырып жатыр. Қазіргі денсаулық сақтау министрінің күнделікті ақпараты мәселені өзгертпейді, халық вакцинаны қашан, қайда және қалай салдыратынын да білмейді.

Денсаулық сақтау министрлігіне шұғыл түрде тиісті шаралар қабылдау қажет екені анық. Әйтпесе өткен жаздағы жағдайдың қайталану қаупі бар", - деді депутат.

Премьер-министрге арнаған сөзінде Унжакова пандемиямен күрес кезінде жаппай вакцинацияның маңыздылығын елеусіз қалдыруға болмайтынын айтты. Ойластырылған іс-қимыл жоспары, мерзімдері, өңірлері мен орындаушылары көрсетілген нақты қадамдар қажет.

"Мәлімдеме жасау, ниет білдіру декларациясынан халықты жаппай вакцинациялау бойынша жүйелі, қатаң және нәтижелі жұмысқа көшу керек.

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес қысқа мерзімде өңірлерге вакцина жеткізудің нақты жоспарын, халықтың барлық тобына вакцинациялау кестесін, сондай-ақ барлық вакцинация пункті туралы, тіпті орындаушылардың телефондарына дейін толық ақпарат көрсетілген жауапты сұраймыз", - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Цой журналистерді "вакцинация жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр" деп сендірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети