16 қаңтар 2017 | 18:33

Депутат Жамалов: Айтпағым басқа еді, мені жалмауызға айналдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аманжан Жамалов. © Tengrinews.kz Аманжан Жамалов. © Tengrinews.kz

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов ХҚКО-дағы өлім жағдайына қатысты білдірген пікірін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов ХҚКО-дағы өлім жағдайына қатысты білдірген пікірін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен адамның кез келген жерде қайтыс болуы мүмкін екенін айтқым келді, ал мені жоқ жерден жалмауызға айналдырды", - дейді ол. 

Жамаловтың айтуынша, депутат баспасөз өкілдеріне үкімет сағатындағы мәселелер жайындағы сұрақтарға жауап беруі тиіс еді, нақтырақ айтқанда ол кеден және салық әкімшіліктендіруі жайлы айтпақ болыпты. Бірақ ол Бишімбаевтың ұсталуы, БЖЗҚ-ға қатысты қылмыстық іс және уақытша тіркеуге байланысты сұрақтар қойылады деп күтпепті. 

"Кенет журналист маған "Бүгін ХҚКО-да адам өлді, ХҚКО-да өлген адамдар үшін өзіңізді кінәлімін деп есептейсіз бе?" деп сұрақ қойды. Сұрақтың арандату мақсатында қойылғанын түсіндім, сасып қалдым. Мен логикамен ойлайтын адаммын және мен үшін ХҚКО-дағы адамның өлімі мен уақытша тіркеу туралы норманы байланыстыру қиын болды. Бұл жағдайдан хабарым болмады", - деді депутат.

"Менің жалғыз қателігім - дұрыс сөзді қолданбағаным. "Успех" сөзін (Айта кетейік, депутат орысша айтқан пікірінде "Ну умер человек, с таким же успехом он мог, наверное, по состоянию здоровья умереть и дома" деген еді - Авт.) көпшілік түсінген жетістікке жету деген мағынада айтқан жоқпын ғой. Адам өлімін жетістік деп айтуға болмайтыны түсінікті. Есі дұрыс адамға бұл сөзді оқыған кезде барлығы да түсінікті болады. Менің айтқым келгені - өліп кету мүмкіндігі барлық жерде бірдей. Мұндай жағдайда адамның басқа қоғамдық орында қайтыс болуы да мүмкін, жазмыштың қашан келетінін бір Алла біледі және сол заңды қабылдаған депутаттардың бірі ретінде адам өлді және оған мен кінәлімін деп айту қате, шынымды айтайын", - дейді Жамалов.

Мәжілісменнің айтуынша, уақытша тіркеуді әуежайдағы қауіпсіздік шараларымен байланыстыруға болады. Тексеру, жүкті қарау және жолаушылардың аты-жөнін анықтау әуежай ғимаратында кезек туғызады, бірақ бұл шараларға қатысты ешкім де сын айтпайды, себебі бұл адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін жасалып отыр. Уақытша тіркеу нормасын енгізу, депутаттың айтуынша, дәл осындай мақсат үшін жасалып отыр және барлық әкімшілік мәселелер үкімет деңгейінде шешіледі.

"Мен анықтап көрдім, мұндай қайғылы жағдай бірінші рет болып отырған жоқ екен, Қазақстан бойынша бұған дейін де ХҚКО-ларда өлім жағдайлары болыпты, себебі мұнда күн сайын көптеген адам келеді. Еліміз бойынша осындай қайғылы оқиғаның ондаған жағдайы болыпты және олардың уақытша тіркеумен байланысы жоқ. ХҚКО-ларда ғана емес, басқа да қоғамдық орындарда болыпты. Ауру-сырқаттың түрі көп, барлығын бірдей болжап білу оңай емес. Бір жағдайды екіншісіне байланыстырудың қажеті жоқ. Дәл осы оқиғада нақтылы бір жайттарды мүдделі адамдар жағдайды ушықтыру үшін көрсетіп отыр. Бұл проблема үкімет деңгейінде шешіледі, қажетті шараларды жүргізу керек, ал біреулер осындай жағдайларды жинастырып жүреді, яғни мұндай жағдайлар біреудің мүддесі үшін де жасалып жатады", - деп есептейді Аманжан Жамалов.

"Ал адам өлімін менің қызметіммен байланыстыру ше, мен неліктен өзімді кінәлі сезінуім керек? Мені жалмауыз әрі адам баласына қас ретінде көрсете салды. Өмір бойы адал еңбек еттім, экономика ғылымдарының докторымын, Парламентте еңбек етіп жүрмін, экономикалық блок мәселелері бойынша маманданғанмын және пайдам да аз емес. Жұмысыммен, қолымнан келетін іспен, біліміммен мақтанамын", - деді соңында депутат.

Еске салайық, бүгін, 16 қаңтарда Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында 1964 жылғы Кунтаков Жарас Нуркибайұлы қайтыс болды. Ол орталыққа тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін келген. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері оқиға кезінде "ХҚКО-да адам саны көп болмаған" дейді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети