30 желтоқсан 2021 13:00

Депутат Жаңа жылға шыршаларды кесуді вандализм деп атады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенатор Ақылбек Күрішбаев Жаңа жылды қарсы алу үшін шыршаларды кесуді вандализм деп атады. Ол Үкіметті мәселені шешуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенатор Ақылбек Күрішбаев Жаңа жылды қарсы алу үшін шыршаларды кесуді вандализм деп атады. Ол Үкіметті мәселені шешуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жаңа жыл қарсаңында сауда орындарында сатылып жатқан жасыл шыршаларды көруге болады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің фитосанитария қызметі мәліметінше, Ресейден ресми түрде әкелінген жаңажылдық шыршалар саны 78 мың дана. Ал Экология министрлігі мәліметінше, 106 мың. Қазақстанда Жаңа жылға басқа елдердегідей табиғи екпелерді кесу қарастырылмаған. Осы тұста сұрақ туындайды - заңсыз кесілген ағаштар импорт ретінде сатылып жатқан жоқ па?

Жерді сақтау, абаттандыру және көгалдандыру - әр қазақстандықтың парызы. Бірақ мерекенің бірнеше күні үшін тірі ағашты кесу - вандализм. Бұл халқымыздың дәстүрінде ешқашан болмаған", - деді депутат премьер-министр Асқар Маминнің атына жолдаған сауалында.

Ол Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәліметі бойынша, жыл басынан бері Қазақстанда заңсыз ағаш кесудің 224 жағдайы анықталғанын айтты.

"Егер 30 миллион гектарға жуық аумақта орман қорын бақылайтын тек 147 инспектор болса, орман ресурстарының сақталуы туралы қалай айтуға болады? Біз олардың санын бұрынғыдан кем дегенде екі есе көбейтуді ұсынамыз. Сонымен қатар, қазіргі уақытта орман шаруашылықтарының техникамен қамтамасыз етілуі нормативтің 66 пайызынан аспайды, бұл ретте осы 60 пайыз техниканы пайдалану мерзімі 10 жылдан асады. Орманшылардың орташа жалақысы небәрі 70 мың теңге. Жалпы, орман шаруашылығы Қазақстандағы ең төмен жалақы алатын сала саналады", - деді депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети