26 сәуір 2023 17:02

Депутат жетім балаларға арналған баспана кезегін сынға алды.

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Үкімет басшысына жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты өтініш білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Үкімет басшысына жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты өтініш білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда жетім өскен және кәмелет жасына толған 62 351 адам баспана кезегінде тұр. Тәуелсіздік алғалы бері тек 8 444 тұрғын үй берілген. Оның ішінде тек тегін баспана ғана емес, сатып алынатын баспана да бар.

"Яғни мұндай жағдайда кезекте тұрғандар тек 120 жылдан кейін ғана түрлі бағдарламалар бойынша баспаналы болу немесе оны сатып алу құқығына ие болады", – деді депутат.

Депутат пен Қазақстан халық партиясы ел азаматтарының осы санатын тұрғын үй жолдамасы, тікелей баспана, жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үй және басқа да әдістер арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігін жедел қарастыруды ұсынды.

"Петропавлда 1,5 мың пәтердің табылғаны, Қарағандыда азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына арналған тұрғын үйлерді мемлекеттік қызметкерлерге заңсыз бөлу фактілері және басқа да мәліметтер жетім балаларға арналған баспана бар екенін көрсететінін айтты. Алайда депутаттың айтуынша, шенеуніктер пәтерлерді қолдан шығарғысы келмей отыр", - деді депутат.

Сондай-ақ, ол елден заңсыз шығарылған 670 миллиард теңгенің есебінен қысқа мерзімде жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету мүмкіндігі ашылатынына сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети