24 мамыр 2023 16:34

Депутат жидек пен саңырауқұлақ жинауға салынатын салық туралы айтты. МКК не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Депутат Маггеррам Маггерамов жидек пен саңырауқұлақ теруге салықтың енгізілгенін сынға алды. Оның пікірінше, бұл жаңашылдықта жемқорлық тәуекелдері мен әлеуметтік шиеленіс жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Депутат Маггеррам Маггерамов жидек пен саңырауқұлақ теруге салықтың енгізілгенін сынға алды. Оның пікірінше, бұл жаңашылдықта жемқорлық тәуекелдері мен әлеуметтік шиеленіс жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жидек пен саңырауқұлақты теру маусымдық жұмыс, әдетте оларды қарт тұрғындар, ата-әжелер мен немерелері тереді. Сонда салықты кімнен алмақшысыз? Оларға айыппұл салғыңыз келе ме? Бұл деректер жидектер мен саңырауқұлақтарға салынатын салықтың дұрыс еместігін көрсетеді. Қарт кісілерден алған салықтан бюджетке үлкен қаржы түспейді", - деді Мәжіліс депутаты Премьер-министрге жолдаған сауалында.

Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) Tengrinews.kz редакциясы сауалына жеке және тұрмыстық қажеттіліктері үшін салық төленбейді деп жауап берді.

"Салық тек фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық қажеттіліктерге, яғни кәсіпкерлік мақсаттарға арналған өнім жинау кезінде төленеді. Жеке және тұрмыстық мақсатта жинау кезінде ешқандай алым алынбайды", - деді комитет өкілдері.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, қазіргі уақытта жабайы дәрілік өсімдіктерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, жаңғақтарды жинағаны үшін алым тек орман қоры мен табиғи резерваттардың аумағында ғана төленеді. Бұл республика аумағының 11 пайызын ғана құрайды. Келесі жылдан бастап осы аумақтан тыс жерде жиналған жабайы өсімдіктерді жинау үшін де ақы алынады.

"Мәслихаттар жабайы өсiмдiктер келісіне байланысты төлемақы мөлшерлемесін белгiлейдi, төлем жинау орны бойынша тоқсан сайын, тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей бюджетке енгiзiледi; салық есептiлiгi жоқ", - делінген комитет хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети