14 наурыз 2022 14:11

Депутат қаза тапқан күш құрылымы қызметкерлерінің отбасыларына ай сайынғы төлем белгілеуді ұсынды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Депутат Гүлнар Бижанова Мәжілістің жалпы отырысында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне әлеуметтік және материалдық қолдау қажет екенін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Депутат Гүлнар Бижанова Мәжілістің жалпы отырысында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне әлеуметтік және материалдық қолдау қажет екенін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бижанова қаңтардағы оқиғалардан кейін құқық қорғау органдарына тағылған айыптардың эмоционалды қырын түсінетінін айтты. Дегенмен қиын күндерді де еске алуға шақырды.

"Біз мемлекет ретінде, біртұтас ұлт ретінде қала аламыз ба деген сұрақ туындады. Күндер өтіп жатты. Еліміз үшін қиын сағатта мемлекеттілігімізді, қазақстандықтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғап, ішкі істер органдары, Ұлттық ұлан қызметкерлері, тіпті жас курсанттар тұрды. Олар өмірінің, денсаулығының, болашағының бағасымен мемлекетті қорғады. Олар мұны жасай алмаса, не болатынын елестетіп көріңізші", - деді ол.

Депутат кез келген елдегі қауіпсіздік пен құқық тәртібінің кепілі соғысқа қабілетті әскер, құзыретті және мықты полиция деген пікір білдірді. Дәл сол кезде олар өз елінің азаматтарын қорғауға жанқиярлықпен кірісетінін айтты.

"Сондай-ақ, мемлекеттің осы іргелі институттары Отан мүддесі үшін қызмет атқаруға толық берілуі үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Мұны Мемлекет басшысы 11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген сөзінде атап өтті", - деді Гүлнар Бижанова.

Оның айтуынша, қазір құқық қорғау органдарында қызметті жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жұмыс тобы қызметкерлерді әлеуметтік және материалдық қолдауға, оларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, қызметін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларын қорғауға бағытталған бірқатар түзету енгізеді.

"Қаңтарда құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаза тапты. Олардың балалары асыраушысыз қалды. Оларды мемлекет қамқорлығынсыз қалдыра алмаймыз. Сондықтан осындай отбасыларға заңмен белгіленген қаражаттың 40 пайызы мөлшерінде ай сайынғы төлем тағайындауды ұсынамыз. Қаза тапқандардың балаларына оқуға мемлекеттік гранттар берілсін", - деді ол.

Алған жарақат салдарынан қызметін жалғастыру мүмкіндігін жоғалтқандар да ерекше әлеуметтік көмекке лайық екені айтылды.

"Оларға еңбек сіңірген жылдарына қарамастан зейнетақы тағайындау әділетті болады деп есептейміз. Сондай-ақ, қызметтік борышын орындауға байланысты қызметкердің мүлкіне келтірілген залалды өтеу, қаржыны қайта есептеу, қызметкерлер мен олардың отбасыларын құқықтық жағынан қорғау бойынша түзетулер енгізіледі", - деді Бижанова.

Қорытындылай келе, Мәжілістің жалпы отырысына қатысушыларға арнаған сөзінде Гүлнар Бижанова оларды "айқын көріністі қабылдауға" шақырды.

"Қызметкер өзі, отбасы, балалары мемлекеттің сенімді қорғауында екеніне сенімді болғанда ғана ел үшін шайқасқа шығады. Біздің басты міндетіміз - оның бұған деген сенімділігін заңнамалық түрде қамтамасыз ету", - деп қорытындылады депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети