Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Депутат Қазақстан Парламентінің буфетіндегі ас мәзірін көрсетті 23 қыркүйек 2015, 08:24

Ас мәзіріндегі бағалар көпшілікті таңғалдырды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© 31.kz © 31.kz

Мәжіліс депутаты Қазақстан Парламентінің асханасындағы ас мәзірін көпшілікке паш етті, - деп хабарлайды "31 арна".

Кеше мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердіоңғаров Парламент буфеті жайлы Facebook әлеуметтік желісінде жазып, асханамызда бәрі тиын-тебен тұрады деп ойлайды, шындығында олай емес деп мұңын шақты. Бұл пікір депутаттар мен қоғам өкілдерінің қызу талқысына ұласты.

Халық қалаулыларының кейбірі әріптесін қостағанмен, мұндай буфеттерге кіретін уақыты жоқ екенін айтып жатқандар да болды. Ал депутат Нұрлан Жазылбеков Мәжілістің ас мәзірінің суретін салып, жұрттың назарын аударды.

Мәзірде салаттардың бағасы - 113-170 теңге, саңырауқұлақ және харчо сорпасы - 178-263 теңге, ал екінші асқа берілетін ыстық тамақтар 228-455 теңге аралығында екен. Айта кетейік, қазіргі таңда мұндай арзан бағаны еліміздегі мектептердің асханасынан табудың өзі қиын. 

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram