11 қаңтар 2023 16:55

Депутат Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығын Қазақстанға қайтаруды сұрады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Кенесары ханның бассүйегі мен мылтығы Мәскеу мұражайында екенін мәлімдеді. Депутат оларды Қазақстанға алдырту керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Кенесары ханның бассүйегі мен мылтығы Мәскеу мұражайында екенін мәлімдеді. Депутат оларды Қазақстанға алдырту керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір Кенесары ханның бассүйегі мен мылтығы Мәскеудегі этнографиялық мұражайда уақытша сақтаулы. 2021 жылы Қазақстаннан арнайы барған мамандар ұлы ханның бас сүйегі мен мылтығын анықтаумен айналысты. Тарихи, антропологиялық, мұражай және архив зерттеулері нәтижесінде мылтық ханға 100 пайыз тиесілі екені анықталды, ал бассүйек - Кенесары ханның бас сүйегі, 90 пайыздан астамы сәйкес келді.

Кенесары ханның туғанына 220 жыл толуын және ұлы хан бастаған көтерілістің 185 жылдығын ескере отырып, оның ұлттық тарихымыздағы маңызын назарға ала отырып, сондай-ақ, әділетті Қазақстанда тарихи сот төрелігін қалпына келтіру мақсатында Кенесары ханның сүйегі мен мылтығын Ресейден Қазақстанға қайтару туралы мәселені қолдауды сұраймын", - деді депутат премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдап.

Ол ханның бассүйегін Астанадағы Ұлттық пантеонға жерлеуді, мылтықты Ұлттық мұражайға тапсыруды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 472.49   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети