15 қыркүйек 2014 20:56

Депутат "Мега орталықтарға" субсидия бөлуді тоқтатуды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Тұрар Қазанғапов Фото © Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов "Мега орталықтарға" субсидия бөлуді тоқтатуды сұрады, - деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. 


Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов "Мега орталықтарға" субсидия бөлуді тоқтатуды сұрады, - деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. 

"Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы аясында сауда-саттықпен айналысатын, ғимараттарын жалға беріп қоятын ірі кәсіпорындарды субсидиялау қарастырылған. Осы уақытқа дейін 29 млрд теңге алған екен. 2015 жылы 17 млрд теңге бөлу қарастырылып отыр. Осы бағдарламаның қажеті бар ма? Олай дейтінім, осы субсидияларды алып отырған Астана мега-орталық, Алматы мега-орталық, Шымкент мега-орталық сияқты ірі орталықтар. Мен бұл бағдарламаны жабу керек деп ойлаймын", - деді депутат Сабильянов ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа қойған сұрағында.

Бұл сұраққа жауап берген Қаржы министрі кәсіпорындарды субсидиялау бағдарламасын келесі жылдары ғана тоқтату мүмкін болатынын айтты. "Компаниялардың қаржылық тұрақтылығына көмектесу бағдарламасы үш жыл жұмыс істейді. Ол бағдарлама 2016 жылы бірақ тоқтайды. 2016 жылдан кейін компаниялар өздері жұмыс істейді. Бұл бағдарлама әуел баста іске қосылғанда, үш жылға арналады деп айтқан болатынбыз. Сондықтан, жартылай беріп, жартылай тоқтатып тастау дұрыс емес деп ойлаймын", - дейді Қаржы министрі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети