Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Депутат оқулық тапшылығын министрліктің бетіне басты

03 Қыркүйек 2014, 11:23
4
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Мәжіліс депутаты Білім және ғылым министрлігіне оқулық тапшылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Палатаның жалпы отырысында Майра Айсина өкілетті органның атына бағытталған мәлімдемесін оқыды.

"Азаматтар оқушылардың оқулықтармен дер кезінде қамтамасыз етілмейтінін бірнеше рет көтерді. Оның үстіне, оқулықтар тапшы. Екінші мәселе - оқулықтар бағасының қымбаттығы. Ата-аналар оқулықтардың мектептерге аз жеткізілетінін айтып отыр, бұл мәселе шұғыл шешуді қажет етеді. Өйткені мектеп кітапханаларында оқулық жетпей жатыр. Мектептердің бәрі бірдей оқушыларын қажетті кітаптармен қамти алмай отыр", - деді мәселенің мән-жайына аймақтарды аралаған кезде қанық болған депутат.

Айсинаның айтуынша, ауылдық жерлерде кейбір балалар бір оқулықты кезектесіп пайдаланады. "Мұның бәрі біздің білім беру жүйеміз жаңа оқу жылына дайын емес дегенді білдіреді. Біз өкілетті органды оқушыларды оқу-әдістемелік құралдармен түгел қамтуға шақырамыз. Тапсырыс бойынша алынған оқулықтардың бәрі жеткілікті болуы тиіс, біздің оқушыларымыз оқулықтармен түгел қамтылуы тиіс", - деді Мәжіліс депутаты.

Майра Айсинаның депутаттық сауалын әріптесі Алмас Тұртаев та қолдады. Ол мектеп оқулықтары төңірегіндегі мәселені шешуге Үкімет басшысының араласуын сұрайды. "Оқулықтар жыл сайын жаңа форматта шығарылады, авторлар өте көп. Мысалға, өткен жылы 4-сыныпқа арналып шыққан оқулықтар биыл қолданылмайды. Сол сияқты үшінші сыныптың оқушысы бір пәннен - әдебиет бойынша бес оқулық алуға мәжбүр. Ата-аналар оқулық алу үшін кезекке тұрады. Соған қарамастан оқулық жетіспейді. Мұның бәрі білім сапасына, ҰБТ нәтижесіне әсер етеді. Мұғалімдердің оқулық авторларына белгілі бір талаптар қоюы жемқорлыққа жағдай туғызады", - дейді Тұртаев.

Айта кетейік, жаңа оқу жылы басталмас бұрын Білім және ғылым министрлігі оқушыларды тегін оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде түсінік берген болатын.  


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай