10 ақпан 2021 13:24

Депутат Паяев үкіметті Жер кодексі үшін сынап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айбек Паяев. Видео кадры Айбек Паяев. Видео кадры

Мәжіліс депутаты Айбек Паяев жер кодексін үкімет есіне салды. Оның сөзінше, министрлер кабинеті заң жаңалықтары бойынша түсіндіру жұмыстарын жеткіліксіз жүргізіп жатыр, соның салдарынан қазақстандықтар арасында түсініспеушілік туындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Айбек Паяев жер кодексін үкімет есіне салды. Оның сөзінше, министрлер кабинеті заң жаңалықтары бойынша түсіндіру жұмыстарын жеткіліксіз жүргізіп жатыр, соның салдарынан қазақстандықтар арасында түсініспеушілік туындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айбек Паяев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Қазақстан жері шетелдіктерге сатылмайтынын, ал Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуі тиіс екенін айтқанын еске салды. 

"Өзіңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі бастамашы болған Жер кодексіне Қазақстан азаматтарына ауылшаруашылық жерлерін сату, сондай-ақ Қытайдан келген қандастарымызға жерді жалдау мерзімін 25 жылға дейін ұзарту бойынша өзгертулер енгізілген болатын. Бұл түзетулер тұрғындарға түсіндіріліп, жаңа заң 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енуі керек еді.

Алайда, уәкілетті органдардың заң нормаларын халыққа дұрыс түсіндірмеу себебінен, қоғамда пікірталас туып, қазақстандықтар ауылшаруашылық жерлерді сатып алуға мәжбүр, ал шетелдіктер жерді иемденіп алуы мүмкін деген оймен наразылық акциялары өтті. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін қазақстандықтарға жеке меншікке беруге және оларды шетелдіктерге жалдауға беру нормаларын қолдануға мораторий жарияланған болатын", - деді депутат. 

Айбек Паяевтың сөзінше, осы мораторий қоғамдағы шиеленісті тоқтатуға мүмкіндік берсе, Үкіметке қоғаммен бірлесе отырып, Жер кодексінің нормаларын егжей-тегжейлі әзірлеп, дайындауға уақыт берді.

"Мораторийдің аяқталуына бір жылдан аз уақыт қалғанын, Үкімет тарапынан Жер кодексінің проблемалық мәселелерін шешу мақсатында тиімді жұмыстар атқарылмай жатқанынын айтуға мәжбүрмін. Осы айтылғандардың негізінде, Сізден Ауыл шаруашылығы министрлігіне аталған бағытқа қоғамды міндетті түрде тарта отырып және ұсынылатын түзетулерді жариялы түрде талқылап, жұмысты жеделдетуді тапсыруыңызды сұраймын. Сонымен қатар, аса мәртебелі, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлынан жер туралы заң жобасын жедел деп жариялауды сұраймыз.

Сонымен қатар, Президент тапсырмасын орындау үшін аталған өзекті мәселені оңтайлы шешу мақсатында үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін тез арада Жер туралы Заңды қабылдауымыз керек. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен депутаттық сауалды қарауды және қабылданған шаралар туралы жазбаша нысанда жауап беруді сұраймыз", - деді депутат. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети