15 қыркүйек 2014 19:24

Депутаттар e-learning бағдарламасын жауып тастауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews иллюстрациясы ©Tengrinews иллюстрациясы

Депутаттар е-Learning бағдарламасын жауып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Депутаттар е-Learning бағдарламасын жауып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"E-Learning бағдарламасына қатысты тағы бір пікір айтқым келеді. Өткен жылы біз егер оларда мүлдем басқаша болмайтын болса, қаражат бөлмейтіндігімізді айтқан болатынбыз. Онда айтылғандардың ешқайсысы орындалған жоқ. Тіпті өткен жылғы секілді бұл жолы да бізге ешкім түсіндірген жоқ, нәтижесі нөл. Биыл да тестілеу жүргізілгенде оның тиімділігі байқалмайтыны дәлелденді. Тіпті бұл бағдарламаны жауып тастау керек", - деді халық қалаулысы Гүлжан Қарағұсова Мәжілісте өткен "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын талқылау барысында.

Оның айтуына қарағанда, бұл бағдарламаға бөлінетін қаражатты халықтың әлеуметтік игілігіне әсер ететін басқа мақсаттарға жұмсауымыз керек.

"Біз халықтың жағдайын ойлауымыз керек, осындай қиын шақта жұртшылыққа пана болуға тиіспіз. Ал e-learning бағдарламасы ешнәрсеге оң әсер етіп отырған жоқ. Мен осыған дейін үш рет талдап тұрып хат жаздым, сондықтан Білім және ғылым министрлігі бізді тыңдауы тиіс. Бұл біздің комитеттің ұсынысы (Мәжілістегі Қаржы және бюджет комитеті), менің бұл ұсынысымды комитеттің барлық мүшелері толық қолдайтынына сенімдімін, себебі, өткенде де мен оларға бұл бағдарламаны жабу туралы айтқан болатынмын", - деді депутат Г.Қарағұсова. 

Оның сөзін халық қалаулысы Гүлмира Исімбаева да қолдады. "Біз бұл  мәселені (e-learning бағдарламасы) өткен жылы да көтерген болатынбыз. Электронды оқыту бағдарламасын елімізге 2011 жылдан бастап енгізе бастадық. Осы жобаға 2011-2014 жылдар аралығында 27,5 млрд теңге жұмсалыпты. Ал енді 2015-2017 жылдар аралығында тағы 16 млрд теңге бөлу көзделіп отыр. Сонымен қатар, салынып жатқан нысандар 2012 жылы 1159 еді, 2017 жылы да сол қалпында қалатын сияқты. 27,5 млрд теңге бөлініп отырса да, тиімділігі жоқ бұл қандай бағдарлама? Бағдарламаның тиімділігін, қанша нысан салынып, қанша мектеп пен колледжге енгзіліп жатқанын тексергендер бар ма?", - деді депутат Г. Исімбаева.

"Электронды оқыту бағдарламасына қатысты көп пікір айтылды. Мен сізді толық қолдаймын. Әрине, егер нәтиже бермейтін болса, онда бұл бағдарламаны жауып тастауымыз керек. Мұны жан-жақты талқылаған жөн, дегенмен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл депутаттардың құқы", - деді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети