04 ақпан 2021 10:58

Депутаттар коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары арасында Зарина Камалова, Лариса Павловец және Ғалымжан Елеуов алғаш болып коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мәжіліс депутаттары арасында Зарина Камалова, Лариса Павловец және Ғалымжан Елеуов алғаш болып коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттар VII шақырылымның Мәжілісіне сайланғанға дейін коронавируспен күрес шеңберінде өз өңірінің медициналық мекемелерінде жұмыс істегені атап өтілді.

Олар жаппай вакцинациялау ұжымдық иммунитетті тезірек қалыптастыруға және қазақстандықтардың өмірін үйреншікті арнаға қайтаруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

"Дәрігер ретінде мен қазір жаппай вакцинациялау ғана коронавирус таралуына қарсы тұра алатынын жақсы түсінемін. Әрине, бұл әр адамның еркі. Мен нақты шешім қабылдадым: екпе жасатамын. Өйткені менің де, туыстарым мен достарымның да денсаулығы осыған байланысты", - деді Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов.

Депутаттар вакцина салдырғаннан кейін жағдайы жақсы екенін айтты.

Қалған депутаттарды вакцинациялау наурызда Денсаулық сақтау министрлігінің кестесіне сәйкес жүргізіледі. Ал Мәжіліс төрағасына қатысты айтар болсақ, Нұрлан Нығматулин осыған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандықтан, жеткілікті антиденелері бар екені хабарланды. Осыған сәйкес, екпе салдыруды қажет ететін медициналық көрсеткіштері жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети