24 мамыр 2017 12:16

Депутаттар терроризм жасағандарды азаматтықтан айыру туралы норманы мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісі ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес кейбір заңнамалық актілерді енгізу бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл нормалар терроризм жасағандарды және елдің өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян келтіргендерді азаматтықтан айыруды қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент Мәжілісі ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес кейбір заңнамалық актілерді енгізу бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл нормалар терроризм жасағандарды және елдің өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян келтіргендерді азаматтықтан айыруды қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, заң жобасына жеті кодекс пен 46 заң енгізу талап етіліп отыр. Азаматтықтан айыру туралы қосымша жаза түрі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 21-бабында қарастырылады.  

Қылмыстық кодекстің 10 бабында қарастырылған аса ауыр террористік қылмыстың 14 құрамы бойынша азаматтықтан айыру түріндегі балама жаза ұсынылып отыр. 

"Мәселен, терроризм актісі үшін "ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабының 3-бөлігі - "Терроризм актісі" және 257-бабының 3-бөлігі - "Террористік топ құру және оған басшылық жасау" бойынша", - деді Бекетаев палатаның жалпы отырысында. 

Әділет министрлігі басшысының сөзінше, "Ұлттық қауіпсіздік туралы" заңына сәйкес, негізгі ұлттық мүдделерге конституциялық құрылымның мызғымастығы жатады. Бұл түсінікке тәуелсіздік, біркелкілік және елдің президенттік басқару формасы кіреді.

Минисрдің айтуынша, елдің өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян келтіру қылмыстарына ҚР Қылмыстық кодексінің 11 бабында қарастырылған 16 қылмыс құрамы кіреді. Мәселен, 168-бап - Геноцид, 180-баптың 3-бөлігі - Сепаратистік әрекет, Террористік топ құру және оған басшылық жасау және тағы да басқалар.

Марат Бекетаев азаматтықтан айыру түріндегі жазаны соттың істің толық мән-жайының негізінде және оның салдарының ауырлығына байланысты төтенше жағдайларда тағайындайтынын айтып өтті.

Азаматтықтан айыру туралы шешім соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуі негізінде ішкі және сыртқы істер құзырлы органдарында тіркелуге жатады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети