11 шілде 2017 13:06

Назарбаев терроризм жасағандарды азаматтықтан айыруды қарастыратын заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев терроризм жасағандарды азаматтықтан айыру түріндегі қосымша қылмыстық жазаны енгізетін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев терроризм жасағандарды азаматтықтан айыру түріндегі қосымша қылмыстық жазаны енгізетін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мемлекет басшысы қолданыстағы заңдарды Конституцияға енгізілген түзетулермен сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда сайтында.

Айта кетейік,  бұл норма терроризм жасағандарды және елдің өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян келтіргендерді азаматтықтан айыруды қарастырады. 

Сәуірде Парламент Мәжілісі ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес кейбір заңнамалық актілерді енгізу бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Заң жобасына жеті кодекс пен 46 заң енгізілген. Азаматтықтан айыру туралы қосымша жаза түрі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 21-бабында қарастырылады.  

Қылмыстық кодекстің 10 бабында қарастырылған аса ауыр террористік қылмыстың 14 құрамы бойынша азаматтықтан айыру түріндегі балама жаза ұсынылып отыр. Мәселен, терроризм актісі үшін "ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабының 3-бөлігі - "Терроризм актісі" және 257-бабының 3-бөлігі - "Террористік топ құру және оған басшылық жасау" бойынша.

"Ұлттық қауіпсіздік туралы" заңына сәйкес, негізгі ұлттық мүдделерге конституциялық құрылымның мызғымастығы жатады. Бұл түсінікке тәуелсіздік, біркелкілік және елдің президенттік басқару формасы кіреді.

Елдің өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян келтіру қылмыстарына ҚР Қылмыстық кодексінің 11 бабында қарастырылған 16 қылмыс құрамы кіреді. Мәселен, 168-бап - Геноцид, 180-баптың 3-бөлігі - Сепаратистік әрекет, Террористік топ құру және оған басшылық жасау және тағы да басқалар. Сол кезде Марат Бекетаев азаматтықтан айыру түріндегі жазаны соттың істің толық мән-жайының негізінде және оның салдарының ауырлығына байланысты төтенше жағдайларда тағайындайтынын айтып өткен болатын.

Азаматтықтан айыру туралы шешім соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуі негізінде ішкі және сыртқы істер құзырлы органдарында тіркелуге жатады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети