12 ақпан 2014 | 16:07

Девальвация туралы тек 7 адам ғана білді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Келімбетов. Фото baq.kz сайтынан алынды Қайрат Келімбетов. Фото baq.kz сайтынан алынды

Кешегі девальвация туралы тек бірнеше адам ғана білді. Оған дейін алты айы бойы теңгенің жаңа бағамы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовке сілтеме жасап. Оның айтуынша, доллардың курсын ұлттық банктің арнайы тобы анықтайды. Олар әлемдік экономиканың барлық көрсеткіштерін ескере отырып, ұлттық валютаның жаңа бағамын белгілейді. Бұл жолғы жұмыс 6-7 ай бойы жүргізілді, тіпті, осыдан бес жыл бұрын болған девальвациядан кейінгі халықтың іс-әрекеті де жан-жақты зерделенді. "Біз бір мезеттік девальвацияны таңдадық. Бұл - ұлттық валютаның жаңа бағамын белгілеудің әділ тәсілі. Ондайда бұны тек санаулы адамдар ғана білуі тиіс. Осы жолы солай болды. Біз зерттеу жұмыстарын 6 ай бойы жүргіздік. Сосын Үкімет басшылығымен кеңесіп, тиісті шешім қабылдадық. Кешке қарай биржаның жұмысы аяқталған соң, келесі күнге дейін ол ақпарат құпияда ұсталды. Девальвация туралы мамандардың шағын тобы - банктің ақша саясаты жөніндегі комитетіне кіретін 7-ақ адам білді. Оларды кешке қарай үйлеріне де жіберген жоқ", - дейді Қ.Келімбетов. Банк төрағасы атап көрсеткендей, биылғы девальвация "мінсіз" өтті. Былайша айтқанда, ол туралы ақпарат уақыттан бұрын таралып кеткен жоқ. Мәселен, 2009 жылы болған девальвация туралы көбісі алдын ала біліп, қыруар қаражатты долларға ауыстырған. Ал осы жолғы девальвация туралы ақпарат уақыттан бұрын таралған жоқ. қазір оны ішкі істер органдары тексеріп жатыр. Ондайда барлық есеп-шоттар бойынша валюта айырбастау операциялары түбегейлі зерделенеді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети