Қазақстанда қолма-қол ақша алуға шектеулер енгізілді: кімдерге қатысты?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қолма-қол ақша алуға шектеулер енгізілді: кімдерге қатысты? Фото:depositphotos.com

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда банк шоттарынан қолма-қол ақша шешудің жаңа тәртібі күшіне енді. Бұл өзгерістер кімдерге қатысты? Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.


Не өзгерді?

Былтыр Ұлттық банк, Қаржы министрлігі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлескен қаулы қабылдаған. Соған сәйкес, кәсіпкерлер белгіленген лимиттен артық қолма-қол ақша шешкен жағдайда, оның мақсатын түсіндіруге міндетті.

Жаңа ережелер кімдерге қатысты?

Жаңа талаптар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді және:

  • заңды тұлғаларға;
  • жеке кәсіпкерлерге (ЖК) қолданылады.

Алайда қолма-қол ақша шешуге шектеуден ресми түрде босатылған субъектілер бар, олардың тізімін Ұлттық банк жеке бекітеді.

Ай сайынғы лимиттер

Ұлттық банк бекіткен шектеулер:

  • шағын бизнеске - айына 20 миллион теңгеге дейін;
  • орта бизнеске - 120 миллион теңгеге дейін;
  • ірі бизнеске - 150 миллион теңгеге дейін.

Ақшаны қалай шешуге болады?

Лимит шегінде

Кәсіпкер банкке өтініш береді, банк ақшаны стандартты тәртіппен береді.

Лимиттен асқанда

Егер белгіленген мөлшерден артық сома қажет болса, кәсіпкер:

  • қолма-қол ақша алу мақсатын құжаттармен дәлелдеуі тиіс (шарт, шот, тізімдеме, сатып алу актісі, инвойс, смета, бұйрық және т.б.);
  • мәліметтерді мемлекеттік органдарға беруге келісімін ұсынады;
  • тәуекелдерді тексеру нәтижесін күтеді.

Тексеру қалай өтеді?

Лимиттен асқан жағдайда, банк келесі жұмыс күні сағат 10:00-ге дейін Мемлекеттік кірістер комитетіне:

  • өтінішті,
  • артық сома көлемін,
  • мақсатын,
  • компания деректерін,
  • құжаттарды,
  • келісімді жолдайды.

Мемлекеттік кірістер комитеті келесі жұмыс күнінің аяғына дейін:

  • тәуекел бар болса - ақшаны беруден бас тартуға болады;
  • тәуекел жоқ болса - ақшаны беруге рұқсат етеді.

Егер 3 жұмыс күні ішінде жауап болмаса, банк ақшаны беруге міндетті.

Тексеру нәтижесі 1 ай бойы жарамды. Тәуекел критерийлері жарияланбайды, құпия болып саналады.

Мемлекеттік органдар арасындағы бақылау

Қосымша бақылау да енгізілді: банктер ай сайын 10 миллион теңгеден артық қолма-қол ақша шешкен компаниялар туралы деректерді Ұлттық банкке жібереді;

Ұлттық банк бұл ақпаратты:

  • Мемлекеттік кірістер комитетіне - салық және тәуекелді тексеру үшін;
  • Қаржы нарығын реттеу агенттігіне - банктерді бақылау үшін жолдайды.

Мерзімдер:

  • банктер - келесі айдың 15-іне дейін;
  • Ұлттық банк - келесі айдың соңғы жұмыс күніне дейін;
  • Мемлекеттік кірістер комитеті - сол мерзімде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +32
Астана +30
Ақтау +35
Ақтөбе +29
Атырау +28
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +32
П
Павлодар +25
Петропавл +32
С
Семей +34
Т
Талдықорған +35
Тараз +39
Түркістан +29
О
Орал +29
Ө
Өскемен +38
Ш
Шымкент +35

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер