17 ақпан 2022 08:55

Димаш Құдайберген қысымға ұшыраған ресейлік мәнерлеп сырғанаушыға қолдау көрсетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында допинг дауына іліккен 15 жастағы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваға қолдау білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында допинг дауына іліккен 15 жастағы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваға қолдау білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Құдайберген Instagram парақшасында ресейлік спортшыға жазба арнады.

"Достар мен Қазақстан спортшыларына жанкүйер екеніме қарамастан, көрші елдің талантты спортшысы, қарындасым Камила Валиеваны қолдағым келеді. Оны қатты қысымнан кейінгі жеңісімен құттықтаймын. Қыз небәрі 15 жаста, бірақ ол сондай төзімділік пен нағыз ерік-жігерін көрсетті. Құрметті ресейліктер, сіздерді мәнерлеп сырғанаудың кішкентай ханшайымының сенімді жеңісімен құттықтаймын", - деп жазды Димаш. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Ресейлік спортшы командалық турнирде 2022 жылғы Ойындардың чемпионы атанып, допинг дауынан кейін қысқа бағдарламада үздік нәтиже көрсетті. Еркін бағдарлама бойынша әйелдер арасындағы турнир 17 ақпанда өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Валиеваның ағзасынан тыйым салынған препарат табылған еді. Кейін CAS ұйымы мәнерлеп сырғанаушыны Бейжің олимпиадасына қатысуға рұқсат беру туралы шешім шығарды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети