Димаштың концертінде жанжал шығарғандар жұмыстан қуылды - Мұхамедиұлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаштың концертінде жанжал шығарғандар жұмыстан қуылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаштың концертінде жанжал шығарғандар жұмыстан қуылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Достарым, кеше Қытайдағы I am a singer деген абыройлы телеконкурста керемет өнер көрсеткен дарынды жас әншіміз Димаш Құдайбергенді ұлықтадық. Димашты сүйетіндерге, жанкүйер болғандарға шын жүрегімізбен мерекелік сыйлық жасауға тырыстық. "Қазақстан" ОКЗ есіктерін тегін айқара аштық және зор қуанышпен қалаған адамды концертке шақырдық. Димаш Құдайберген кеше керемет концерт өткізді, ол ата-анасымен бірге ән айтып, жеңісін атасы мен апасына арнады", - деді министр.

Сондай-ақ, министр уақыт тауып, Димашты көруге ниет білдірген, қошеметтеп, қолдағандардың барлығына алғысын білдірді. "Уақытының тығыздығына және ұшып келіп, шаршағанына қарамастан, барлық жанкүйері мен тыңдарманына Қытайда алғыс айтуға асығып, туған елінде тұңғыш концертін бергені үшін Димаштың өзіне көп рақмет айтамын!", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Өз кезегінде министр болған оқиғаға қатысты пікірін білдірді. "Болған оқиға жайлы. Өкініш білдіремін. Ешкімнің де басқа адамдардың бостандығына шектеу қоюға құқығы жоқ, олардың ішінде мен құрметпен қарайтын журналистердің де. Күзет қызметкерлерінің мұндай әрекеттерінің дұрыс еместігі сөзсіз. Мен таңертең осы жанжалда болған адамдарға қатысты қатаң шараларды қолдануды тапсырдым", - деп айтып өтті министр.

Министрдің айтуынша, "Қазақстан" ОКЗ басшылығы қазіргі уақытта оларды қызметтерінен босатты.

"Мұның біз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің алдында бір қорытындыға келуімізге себеп болатыны сөзсіз. Ұйымдастыру мәселесіне келетін болсақ, біз ендігіде мұндай жағдайлар қайталанбас үшін шараларды күшейтеміз, ал болашақта Димаштың концерттерін өткізетін кезде сыйымдылығы үлкенірек алаңдарды қарастыратын боламыз", - деді Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ, министр "Информбюро" басылымымен болған оқиғаға тоқталып өтті.

"Енді "Информбюроға" берген "пікірім" туралы айтатын болсақ. Осы жағдайға қатысты тағы бір түсінік бергім келеді. Журналистердің ешқайсысы - "Информбюро" да, басқа БАҚ-тар да маған хабарласқан жоқ. Димаштың концертінен кейін мен Бейбітшілік пен келісім сарайында өтетін концертке дайындалуға кеттім. Онда түн жарымға дейін болдым, журналистерден ешқандай да қоңырау түскен жоқ. "Информбюро" басшылығы маған осы қателікке қатысты кешірім сұрап, айтылған "пікірді" жоққа шығарды", - деді мәдениет және спорт министрі.

Еске сала кетейік, осыған дейін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов "Қазақстан" ОКЗ ғимаратында журналистер мен күзетшілер арасында болған жанжалды шығарған кінәлілерді анықтайтынын мәлімдеген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro