25 сәуір 2017 21:14

Димаш Құдайберген ата-анасымен бірге ән салып, ата-әжесіне бас иді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген отбасымен. © instagram.com/kudaibergenov.dimash Димаш Құдайберген отбасымен. © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстанға келуіне орай ұйымдастырылған концертте Димаш Құдайберген ата-анасы Қанат және Света Айтбаевтармен бірге ән салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанға келуіне орай ұйымдастырылған концертте Димаш Құдайберген ата-анасы Қанат және Света Айтбаевтармен бірге ән салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан" орталық концерт залында Қытайдан I'm Singer байқауының екінші орнын жеңіп келген қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне орай кеш өтті. Концертте Димаш Құдайберген конкурста шырқаған "Туған Ел", "Дайдидау" және "Махаббат бер маған" әндерін орындады. 

Кеш қонақтарына Димаш пен оның ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтардың триосы үлкен сый болды, олар "Асыл Анашым" әнін орындады. Оның барысында Димаш Құдайберген сахнаның шетіне келіп, алдыңғы қатарда отырған ата-әжесіне бас иді. 

Концертке шамамен 3,5 мың адам келді. Сонымен қатар, тыңдармандары концерт ғимаратының дәлізінде флешмоб ұйымдастырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети