Прокурор дизайнер Bisen-ді өлтірді деп айыпталған адамды 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Прокурор дизайнер Bisen-ді өлтірді деп айыпталған адамды 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Прокурордың сөзінше, Дүйсенғалиев С-ке 99-баптың 1-бөлігі бойынша айып тағылған.
"Мен айыпталушының кінәсі дәлелденді деп есептеймін. Оны кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын", - деді прокурор.
Дизайнердің отбасы айыпталушыны 15 жылға қамауды және 10 миллион теңге моральдық шығын өтеуді сұрады.
Еске салайық, қазақстандық дизайнердің қайтыс болғаны туралы 2020 жылдың 18 қазанында белгілі болды. Bisen-нің қайтыс болғаны туралы хабарды рэпер Hiro жеткізген болатын.
"Енді арамызда Сәбит @b1sen жоқ. Бірақ оның логосын барлық жерден көруге болады. Бұл символды кездестірмедім деп айтпаңыз! Оны футболкалардан, жапсырмалардан, көшелерден көруге болады. Біз көшеге оның есімін береміз, оған ескерткіш қоямыз", - деп жазды рэпер Hiro.
Рэпердің сөзінше, дизайнерді өлтіріп кеткен.
"Арамызда Бисен жоқ. Досымды тепкілеп кетті. Оның сау жері қалмаған. Оны кроссовкасы бойынша анықтадық", - дейді Hiro.
"Ирина Кайратовна" рэп-тобының мүшесі Азамат Маркленов Instagram-да "Бізді кешір! Бір күні міндетті түрде жұмыс істейміз. Сен әрқашан біздің жүрегімізде қаласың" деп жазды.
Айта кетейік, Сәбит Сырахан - танымал streetwear-брендінің дизайнері болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!