19 ақпан 2021 13:19

Дизайнер Bisen-нің өлімі: прокурор айыпталушыны қамау мерзімін қысқартуды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дизайнер Bisen-ді өлтіру ісі бойынша айыпталушы сотта соңғы сөзін айтты. Іс Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дизайнер Bisen-ді өлтіру ісі бойынша айыпталушы сотта соңғы сөзін айтты. Іс Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталушы С. Дүйсенғалиев марқұмның отбасынан кешірім сұрап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.

"Оны өлтіргім келмеді. Мен екі баланың әкесі, отбасымның асыраушысымын. Осыны ескеруіңізді сұраймын, құрметті сот", - деді сотталушы.

Сондай-ақ, тыңдау барысында прокурор айыпталушының екі баласы бар екенін және істі ауырлататын жағдайлар жоқ екенін ескеріп, оны 11 жыл және 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін прокурор дизайнер Bisen-ді өлтірді деп айыпталған ер адамды 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Ал қайтыс болған дизайнердің отбасы соттан кінәліні 15 жылға бас бостандығынан айырып, 10 миллион моральдық залал төлеуін сұрады.

Дизайнер өліміне күдікті ретінде Алматыда 1991 жылы туған ер адам ұсталды. Ол марқұм кездескен қыздың ағасы. Полицияда күдікті қарындасы мен дизайнердің кездесуіне қарсы болғандықтан ұрып-соғып, өлтіргенін мойындағанын хабарлады. 

2020 жылғы 18 қазанда әлеуметтік желілерде танымал қазақстандық дизайнердің қайтыс болғанын рэпер Hiro, сондай-ақ "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов жариялады.

Куәгердің айтуынша, бәрі ауладағы жанжалдан басталған. Соңы төбелеске ұласып, көп ұзамай қарсыластардың бірі құлап, оқиға орынында қайтыс болады. Ал екінші адам қашып кеткен.

"Пәтерінің терезесінен қарап тұрған куәгер "102" пультіне қоңырау шалып, аулада төбелес болып жатқанын хабарлады. Нәтижесінде олардың біреуі сол жерде құлап, екіншісі қылмыс орнынан қашып кеткен. Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамның қайтыс болғанын хабарлады. Оның жеке басы бірден анықталды. Ол 1989 жылы туған азамат", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сәбит Сырахан - танымал streetwear бренд дизайнері. Оның киімдерін көптеген рэпер мен хип-хоп мәдениеті өкілдерінен жиі кездестіруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети