24 маусым 2014 10:42

Джулиан Ассанж - Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джулиан Ассанж. ©РИА Новости Джулиан Ассанж. ©РИА Новости

Австралиялық журналист Джулиан Ассанж Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне одақ президенті Сейітқазы Матаев айтты.


Австралиялық журналист Джулиан Ассанж Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне одақ президенті Сейітқазы Матаев айтты.

"Біз жыл сайын журналистерді сыйлыққа ұсынамыз. Биыл лауреат атағы республикалық, сонымен бірге, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының ондаған өкіліне берілді. Журналистер одағы басқармасының шешімімен "журналистік тексеру" номинациясы бойынша сыйлықты Джулиан Ассанжға беруді ұйғардық. Ол, ең алдымен, WikiLeaks сайтымен және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына біздің елмен байланысты материалдардың ұсынылуына байланысты. Бүгін түстен кейін біз Ассанжға диплом мен фунт стерлингке ауыстырылған ақшалай сыйақыны беріп жібереміз. Сәлемдемені Эквадордың Лондондағы елшілігіне жібереміз. Біз оның қай жерде екенін білеміз", - деді Матаев телефон арқылы. 

Еске салайық, Джулиан Ассанж WikiLeaks сайтындағы атышулы жарияланымдарының арқасында танымал болған еді. Құпия мәліметтерді жария еткені үшін ол әуелі 2010 жылы Лондонда қолға түсті. Қазір Эквадордың Ұлыбританиядағы елшілігінде бой тасалап жүр. Швецияда Ассанжға зорлық жасады және жыныстық қатынасқа итермеледі деген күдік келтіріліп отыр. Ассанждың өзі АҚШ билігінен қауіптенеді, бұл елде оған өлім жазасы берілуі мүмкін.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети