31 наурыз 2017 | 18:27

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Мусиннің ұсталғаны жайлы мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитетінің төрағасы Әлия Ғалымова ведомство қызметкері Бауыржан Мусиннің ұсталуы жайлы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитетінің төрағасы Әлия Ғалымова ведомство қызметкері Бауыржан Мусиннің ұсталуы жайлы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Азаматтық қоғам комитетіндегілер комитет төрағасының орынбасары Бауыржан Мусиннің ұсталғаны туралы мәліметті растап берді. Ғалымованың айтуынша, Бауыржан Мусин әр жылдары ҚР статистика агенттігінде сарапшы қызметінде, Инвестиция және даму министрлігінің арнайы экономикалық зоналар басқармасының басшысы қызметінде болған. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылғанға дейін, яғни өткен жылдың қыркүйегіне дейін Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің басшысы болды. 

"Жалпы айтқанда, Бауыржан Мусин сауатты әрі білгір маман екенін айта кетейік. Үйленген, төрт баласы бар", - деді Азаматтық қоғам комитетінің төрағасы Әлия Ғалымова. Комитет төрағасының орынбасары қызметінде жүріп, Бауыржан Мусин негізінен қаржы-экономикалық саланы, оның ішінде Комитетті материалды-техникалық жабдықтармен қамтумен айналысты. 

"Дін істері бойынша ол бұл мәселелермен айналысқан жоқ, себебі бұл мәселелер Комитеттің құзырына кірмейді. Біздің министрлікте дін істері бойынша басқа бір комитет айналысады - Дін істер комитеті", - деді сұхбаттасушы. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Астана бойынша департаментінің қызметкерлері ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам жөніндегі комитетінің төрағасының орынбасары Б.Мусинді ұстады, ол мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың мүддесін лоббилегені үшін жүйелі негізде пара алып отырған", - деп хабарлады Антикоррупциялық қызмет өкілдері.

Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, Б.Мусин кәсіпкерден параның кезекті 400 мың теңге сомасындағы бөлігін алу үстінде ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Параның жалпы сомасы - 1,4 миллион теңге. Тергеу жүріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети