03 ақпан 2014 | 14:54

Дін туралы ақпараттарға цензура енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Телебағдарламаларға мониторинг жүргізу залы. ©Ярослав Радловский Телебағдарламаларға мониторинг жүргізу залы. ©Ярослав Радловский

Бұдан былай мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының дін тақырыбындағы материалдары Дін істері жөніндегі агенттікпен келісіліп барып жарияланатын болады. Бұл туралы Tengrinews.kz агенттік төрағасына сілтеме жасап хабарлайды. "Барлық бейнематериал мен құжаттық өнім, сондай-ақ бүгіннен бастап, телеарналардан шығатын барлық хабарлар бізбен келісіліп барып жарияланады, өйткені бұл жерде әңгіме идеология туралы болып отыр. Сондықтан біз тарататын хабарлар, айтатын әңгімелер, біз деректі фильмдер мен телебағдарламалар, бейнеөнімдер арқылы жеткізетін мәліметтер орталықтан келісілген болуы тиіс", - дейді Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Марат Әзілханов ведомствоның алқа мәжілісінде. Дегенмен Агенттік басшысының орынбасары Ғалым Шойкин бұл талап тек мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалатын материалдарға қатысты екенін атап өтті. "Біз мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде мемлекеттің қаржысына жасалатын материалдарға қатысты осындай жұмыс жүргізілетінін айтып отырмыз. Осы орайда мемлекеттік тапсырыс бойынша материал әзірлейтін барлық мемлекеттік БАҚ мемлекеттік саясат идеологиясына сай әрекет етуі тиіс", - деді Шойкин. Агенттік басшылары халық арасына таратылатын түсіндіру жадынамаларының да осылай мұқият тексерілетінін айтты. "Мұндай материалдарды асқан нақтылықпен және салыстырыла тексерілген күйде жасау қажет. Біз дін ұғымымен байланысты 200 түрлі кітапшаны талдап шықтық, қазір халыққа арналған әрбір өнімнің біздің ғылыми-әдістемелік кеңестің талқылауынан өтпей таратылмауын қатаң қадағалау керек деп ұйғарып отырмыз. Әрине, өкінішке қарай, кетіп қалған қателіктер бар", - деді Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети