Қазақстандағы доллардың 22 мамырдағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 507,07 теңге болып, 3,28 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 мамырда белгілеген ресми доллар бағамы - 510,59 теңге.
kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 507,81 теңгеге, ал сату бағамы 509,83 теңгеге тең. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 505,48 теңгеден сатып алынып, 511,49 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!