Доллардың қымбаттауынан қазақстандықтардың жалақысы өсе ме?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллардың қымбаттауынан қазақстандықтардың жалақысы өсе ме? © Тұрар Қазанғапов

Доллардың қымбаттауынан қазақстандықтардың жалақысы өсе ме деген сұраққа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі alau.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллардың қымбаттауынан қазақстандықтардың жалақысы өсе ме деген сұраққа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі alau.kz порталына сілтеме жасап.

Серік Шәпкеновтың айтуынша, министрлік бұл бағытта жұмыстарды жалғастырып жатыр.

"Қазір Ұлттық экономика министрлігіндегі әріптестерімізбен экономика қандай сценарий бойынша өрбитінін пысықтап жатырмыз. Шешімді күтейік", - деді министр Мәжіліс отырысынан кейін.

Серік Шәпкенов Мемлекет басшысы бұған дейін де жалақыны көтеру мәселесі бойынша тапсырмалар бергенін еске салды. Оның айуынша, министрлік барлық жергілікті атқарушы орган, барлық кәсіпорынмен жұмыс жасап жатыр.

"Біз кімнің жалақысы медианадан (орташа көрсеткіш - авт.еск.) төмен екенін талдаймыз. Орташа жалақы - 157 мың теңге. Жұмыс берушілермен өз қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Олар қызметкерлерінің ұмтылысын түсініп, қолдау көрсетуі керек", - деді Серік Шәпкенов.

Сондай-ақ, Шәпкенов халыққа төленетін әлеуметтік төлемдер туралы да айтты.

"Биылға 5 пайыз мөлшерінде индекстеу жүргіздік. Тек долларға бола бәрін қайта қарау мүмкін емес. Бәрі оған байланысты емес", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов қанша жалақы алатынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети